12 қаңтардан бастап Алматыда барлық қоғамдық көліктердің қатынасы жанданады

1282

Бүгінгі күні мегаполисте 41 бағыт жүріп жатыр бойынша 505 автобус желіге шықты.

12 қаңтардан бастап Алматыда барлық қоғамдық көліктердің қатынасы жанданады

12 қаңтардан бастап Алматыда барлық қоғамдық көліктердің қатынасы жанданады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

“Бүгінгі күні мегаполисте 41 бағыт жүріп жатыр бойынша 505 автобус желіге шықты.
Қала маңындағы елді мекендерге автобустар 9:00-ден 18:00-ге дейін қатынайды. 12 қаңтар облыстың жақын елді мекендерге де қатынас жанданады, ал алыстағы ауылдарға қатынас коменданттық сағатқа байланысты әлі ашылмайды”, – деп жазылған хабарламада. 

Айта кететіні, Алматыдағы екі теміржол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.  Пойыздар тұрақты түрде қатынауда, елорда бағытында қосымша маршруттар іске қосылады.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы ашылуға дайын екенін хабарлаған болатынбыз.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу