12 қазанда Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

1769

Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

12 қазанда Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу