12 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі

1351

12 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі

Биыл Мұнайлы ауданының орталығы Маңғыстау ауылында 12 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі, деп хабарлайды 24.kz

Халқының саны бар-жоғы 10 жылда 43 мыңнан 148 мыңға жеткен Мұнайлы ауданында баспанаға сұраныс артқан. 

"Ақтау қаласында бір шаршы метрінің бағасы 140 мың теңге болса, біздің үйлердің құны 100 мың теңге. Бағасы 30-40 пайызға арзан. Сонымен қатар кезекте тұрған адамдарға сегіз 24 пәтерлік, барлығы 192 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар келесі жылдың сәуір айында беріледі, халықтың игілігіне. Қазір қарқынды жүріп жатыр, құрылыс уақытында бітеді", - Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев.

2018 жылы Маңғыстау ауылында тағы 30 көпқабатты үй бой көтереді. Сондай-ақ 100 орындық жанұялық жатақхана құрылысы аяқталады. Сонымен қатар көршілес Батыр ауылында да әрқайсысы 4 пәтерден тұратын 7 үй салынып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу