Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Израильдің ресми экономикалық шығыны жазылған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Mehr-дің мәліметінше, Израильдің Иранмен 12 күндік соғыстан кейінгі ресми шығыны өте аз көрсетілген. Ол сандар нақты қаржы жоғалтудың тек бір бөлігін ғана қамтыса керек-ті.
Негізінен, Израиль шығынын 12-20 миллиардтың доллар көлемі деп көрсеткен. Десе де, ирандық БАҚ оны жоққа шығарады. Кешенді бағалау шығынның айтарлықтай ауқымды екенін байқатқан.
Нақтыласақ, Mehr-дің жазуынша, Израильдің тікелей әскери шығындары 12,2 млрд долларды құрап, экономикалық күйреу мен бизнестің жабылуынан келген шығын 21,4 млрд долларға жеткен.
Одан өзге Иран шабуылдарынан келтірілген қираулардың салдарынан болған шығын 4,5 млрд доллар болса, эвакуация мен қалпына келтіру шығындары 2 млрд доллардың жобасында. Сонымен жалпы қаржылық шығын 40 млрд доллардан асып жығылады.