12 күндік сәбиге күрделі ота жасалды

791

Ақтауда облыстық "Ана мен бала" орталығында туғанына небәрі 12 күн болған шақалаққа күрделі ота жасалды. Мұндай операция өңірде тұңғыш рет жүзеге асты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

12 күндік сәбиге күрделі ота жасалды

Нәрестеге оң жақ өкпе, қолқа ақауы диагнозы қойылған еді. Бұл сырқат тумас бұрын, анасының жатырында жатқанда анықталған. Туғаннан кейін КТ құралы арқылы дерт түрі нақтыланды. Сәбидің денсаулығы басқа қалаға баруға жарамағандықтан, республиканың білікті мамандары Ақтауға шақырылды. Оған қазақстандық хирургтер қауымдастығының профессоры Асылжан Ерекешев пен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов жасады. Ақ халатты абзал жандардың біліктілігі мен білімінің арқасында ота сәтті өтті.

"Бұл диагноз жүктіліктің 21 және 31 аптасында қойылды. Дәрігерлермен кеңескен соң, сәби отаға алынды. Қазір кішкентай науқастың жағдайы жақсы. Самағы 4 келіден асты. Үйге шығаратын боламыз", – дейді "Ана мен" бала орталығының бөлім басшысы Гүлзада Сарбалаева. 

Мұндай күрделі ота облыста бұрын тек ересектерге жасалған болатын. Операция 2 сағат 20 минутқа созылған. Отаның сәтті аяқталғанына нәрестенің анасы да қуанышты. Дәрігерлерге ризашылығын жаудырды. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу