12 қыркүйекте Байқоңырдан испан байланыс жер серігі ұшырылады

965

12 қыркүйекте Байқоңырдан испан байланыс жер серігі ұшырылады

12 қыркүйекке "Байқоңыр" ғарыш айлағынан испан байланыс серігі бар "Протон-М" ЗТ-ның ұшырылуы жоспарланған, деп хабарлайды ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы ұшыру кешенінің 200-ші алаңынан 12 қыркүйекте "Бриз-М" үдеткіш блогы бар ауыр класты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен "Амазонас-5" ("Amazonas 5") испан байланыс жер серігін ұшыру жоспарланып отыр.

"Амазонас-5" телекоммуникациялық серігі Hispasat (Испания) компанияның тапсырысы бойынша Space Systems Loral (США) фирмамен жасалынды. Аталған ғарыш аппараты Оңтүстік және Орталық Америка аумағында теледидар, корпоративтік желілер мен телефон байланысы саласында қызметтерді көрсету үшін арналған.

 

Атап кететін жайт,  "Амазонас-5" серігімен болатын алдағы ұшырылым "Протон" ЗТ маркетингке эксклюзивті құқыққа ие "ILS" компаниясымен жасалған шарттардың аясында "Протон" ЗТ үшін 95-ші ұшырылым болады.

Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес осы жылы қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырым ұйымдастырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу