Астана қаласының мәслихат депутаттары бас қаланың бюджетіне енгізіліп жатқан өзгерістерді мақұлдады, соның ішінде көп пәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі жолаушылар лифтілерін ауыстыруға қаржы бөлу мәселесі де бар, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына көп пәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі 12 лифтіні ауыстыруға қосымша 100,8 млн теңге қарастырылған", - деді қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов.
Бұдан бөлек, Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына қосымша 50 млн теңге қарастырылған, оның ішінде Асан қайғы, 56 көшесіндегі №8 орта мектеп ғимаратын реконструкциялау жобасын бастауға және №28 мектептің жапсарлас ғимаратының құрылысын жалғастыру бар.