12 мамыр күні үш облыста үсік жүреді

199

"Қазгидромет" РМК ел аумағында 12 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

12 мамыр күні үш облыста үсік жүреді Фото: aikyn.kz

Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, Алматы облысының таулы жерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.

"Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысында, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ, батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, шығысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деп жазды синоптиктер.

Дерекке қарағанда, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, жоғары өрт қауіпі күтіледі, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу