- Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
- Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде ,найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
- Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
- Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.
- Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
- Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
- Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
- Алматыда найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с. Қонаев қ.: 12 маусымда найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 17-22 м/с.
- Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
- Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
- Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
- Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
- Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
- Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
- Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
- Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының жоғары өрт қаупі сақталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу