Ақтөбеде қаржы жымқырған банк менеджері ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп, 24.kz. хабарлайды.
Қаладағы банктердің бірінің директоры полицияға шағымданып, бухгалтерлік есеп бөлімі менеджерінің өзінің жеке шотына 12 млн теңге заңсыз аударып жібергенін айтады. Бұл қылмысты банктің қауіпсіздік қызметі анықтаған. 35 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта аталған қылмыс бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу