12 мың теңгелік жастарға арналған тұрғын үй қалай берілетіні белгілі болды

7544

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қажет құжаттардың тізімін жариялады. 

12 мың теңгелік жастарға арналған тұрғын үй қалай берілетіні белгілі болды

Жастарға жалдау құны 12 мың теңге болатын пәтерлерді беру шарттары бекітілді. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қажет құжаттардың тізімін жариялады.

Анықталғандай, пәтерлер балдық жүйе бойынша үлестіріледі.  Ережеге сәйкес, арзан жалдамалы баспанаға үміттілер әдеттегі жеке басқа қатысты құжаттармен қоса неке қию туралы куәліктің көшірмесін, жұмыс істейтіндігін растайтын және соңғы алты ай ішіндегі табысы көрсетілген құжатты уәкілетті органға тапсыруы тиіс. Кірісі 100 мың теңгеден кем болмауы – шарт.

Сонымен қатар банк шотының болуы ескеріледі, ондағы ақшаның соммасы әрі қанша және қалай қаржы салынатындығы да назарға алынады. Тіпті, бар болған жағдайда түрлі қызметте алған мақтау қағаздары, алғыс хаттары да қабылданады. Бұлардың бәрі балл жинау барысында қажет болады.

Айталық, өтініш беруші нарықта сұранысқа ие кәсіп иесі болса, оған 10 ұпай беріледі. Некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2, жетістікке жеткен дипломға да 2 балл қосылады. Саны тең болған жағдайда, өтінішін бұрын бергендерге басымдыққа ие болады. Сатып алу құқығынсыз жалға үлестірілетін бұл пәтерлер 5 жыл мерзімге беріледі.

  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу