12 мыңнан аса адам денсаулығына байланысты жұмыстан кеткен

884

12 мыңнан аса адам денсаулығына байланысты жұмыстан кеткен

2017 жылы Қазақстандағы жұмыссыздар саны 421,6 мың адамды құрады. Соның 113,4 мыңы еш жерде жұмыс істемеген, деп хабарлайды LS.

Жарты жыл бұрын жұмыс іздегендер саны 148,9 мың адам болса, 6 айдан 1 жылға дейін - 78,1 мыңды, 1 жылдан 3 жылға дейін - 52 мыңды құрады, ал үш жылдан жоғары уақытта олардың саны 29 мың адам болған.

Компанияның тарауына байланысты еңбек биржасында 46,6 мың адам қалды, 121,2 мың адам өз еркімен жұмыстан кеткен, еңбек шартының аяқталуына байланысты 52,9 мың адам жұмыссыз қалған.

Өзге де себептермен - 11,9 мың адам, кәсіпкердің жұмысы аяқталуына байланысты 7,7 мың адам жұмыс іздей бастаған. Отбасылық жағдайға байланысты - 38 мың, денсаулығына байланысты 12,8 мың адам жұмысынан қол үзуге мәжбүр болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу