12 оқушы астан уланды: Жамбыл облысындағы дүкен иесіне 1,2 млн теңге айыппұл салынды

452

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

12 оқушы астан уланды: Жамбыл облысындағы дүкен иесіне 1,2 млн теңге айыппұл салынды Фото: © Sputnik/Ертай Сарбасов

Өткен жылдың қараша айында Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы дүкеннен тамақ өнімдерін сатып алғаннан кейін 12 оқушы улану белгілерімен медициналық мекемеге түскен болатын. Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоспардан тыс тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдерінің сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактерияларын анықтады, бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді.

Жеке кәсіпкер кінәсін ішінара мойындап, бір уақытта 12 оқушы улана алмайтынын түсіндірді, өйткені дүкенге күн сайын тек 3 гамбургер жеткізілетін.

"Сот қаулысымен "К." ЖК ӘҚБтК 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған соманы 30% қысқарта отырып, 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл тағайындалды. 9 қызметкердің жалақысынан айыруға жол бермеу мақсатында сот қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жазаны қолданбады", – деп хабарлады қалалық сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу