12 өңір "қызыл аймақта" тұр

575

82 мыңнан аса қазақстандық COVID-19-дан емделіп жатыр.

12 өңір "қызыл аймақта" тұр

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 12 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары аймақта": Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары, ал "жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 4 024 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 832 248-ге жетті.

6 169 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері
747 978 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 82 162 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 310 адамның жағдайы ауыр, 373 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 97 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирусқа инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 010 302 адам, екінші компонентін 5 834 656 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу