12 сәуірдегі саудада доллар бағасы тағы құлдырады

227

Бүгінгі доллар бағамы - 447,89 теңге. 

12 сәуірдегі саудада доллар бағасы тағы құлдырады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,43 теңгеге төмендеп, 447,89 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы долларға 448,41 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448,10 теңгені, сатылымы 449,55 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,98 теңгеден сатып алынып, 451,00 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу