12-сынып оқушысы еріктілерге арналған жаңа мобильдік қосымша әзірледі

1464

Оқушы "Шаңырақ" ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинапты.

12-сынып оқушысы еріктілерге арналған жаңа мобильдік қосымша әзірледі

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бибарыс Ғилаж еріктілердің қызметіне арналған жаңа мобильдік қосымшаны жасап шығарды. Бұл туралы мектептің сайтында жарияланды. 

Оқушы "Шаңырақ" ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинапты. Мобильді қосымшаны қолданушылардың бір-бірімен тұрақты хабарласуына және деректер алмасуына мүмкіндігі бар. Мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады.

"Менің білуімше қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәлімет беретін деректер қоры жоқ. Бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім", – дейді Бибарыс.

Мобильді қосымша Android Studio негізінде Java көмегімен жұмыс істейді. Жақын арада ұялы телефондарға арналған көмекші құрал Play-market-те қолжетімді болмақ.  

"Енді авторлық туындыға пантент алу және оны кең көлемді қолданысқа енгізу қалды", – дейді Бибарыс Ғилаж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу