12 тамызда Иранда Каспий маңы елдерінің саммиті өтеді

110

Иран Каспий маңы елдерінің саммитін өткізуді жоспарлап отыр.  

12 тамызда Иранда Каспий маңы елдерінің саммиті өтеді Фото: gov.kz

Бұл туралы Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Астанада өткен Аймақтық экологиялық саммитте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дипломат өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Иран тарапы бұл іс-шараны қабылдай алады деген сенім білдірді.

"2026 жылдың тамыз айында Иран Ислам Республикасы Каспий маңы мемлекеттерінің жетінші саммитін қабылдайды. Біз Каспий теңізінің халықаралық күніне (12 тамыз) және Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына орай, Тегеранда Каспий маңы елдерінің президенттерін қарсы алу құрметіне ие боламыз деген үміттеміз", – деді елші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу