Баланың үйде жалғыз қалғанын не қалмағанын кім қадағалап отырады?

233

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баланың үйде жалғыз қалғанын не қалмағанын кім қадағалап отырады? Фото: canva.com

Оның айтуынша, аталмыш ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді.

"Бұл ұсыныс ретінде айтылды. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі өте маңызды деп есептейміз. Мұны біз бірнеше рет айтқанбыз. Әрине, ата-аналар барлық уақытта балаларының жанында болуы қажет. Дегенмен, бұл ұсыныс мұқият талқылауды талап етеді. Ата-аналар қауымының да, мемлекеттік органдардың да пікірін ескеру қажет", – деді вице-министр.

Еділ Оспан егер ұсыныс заң жобасы түрінде рәсімделсе, бірден талқылаулар басталатынын айтады.

"Жауапкершілікке келетін болсақ, бұл қоғам мен құзырлы мемлекеттік органдардың пікірі ескеріліп, талқылау барысында белгілі болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу