12 жасқа дейінгі балаларға екпе егуге тыйым салынған

787

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация кезінде "Pfizer" вакцинасының бір дозасын, яғни үшінші компонентін ғана алуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

12 жасқа дейінгі балаларға екпе егуге тыйым салынған

"Азаматтардың өздері қабылдаған шешімі негізінде 1 немесе 2 вакцина алуға мүмкіндік жасаймыз. Дегенмен ревакцинация кезінде бір доза, яғни үшінші компонентті ғана алуға кеңес беріледі", – деді Алексей Цой. 

Министр ата-аналардың келісімі болған жағдайда 12 жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға бола ма деген сұраққа да жауап берді. 

"Қазіргі уақытта елімізде 12 жасқа дейінгі балаларға екпе егуге тыйым салынған. Себебі қолымызда өндірушінің нақты ұсынысы жоқ. Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес, балаларға 12 жастан бастап вакцина салуға кеңес беріледі", – деді денсаулық сақтау министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу