12 жастағы жасөспірім Шардара су қоймасына батып кетті

1082

Құтқарушылар іздестіріп, денесін судан алып шықты.

12 жастағы жасөспірім Шардара су қоймасына батып кетті

Түркістан облысында 2008 жылы туған жасөспірім Шардара су қоймасына батып кетті.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына көмек көрсету туралы хабарлама сағат 19.00-де түскен. Жасөспірім сағат 18:30 шамасында суға түсуге арналмаған жерде батып кеткен.

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасағының Шырдара құтқару бекетінен 6 құтқарушы-сүңгуір, 1 жүзу құралы мен 1 техникасы жұмылдырылып, олар оқиға орнына сағат 20.20 келіп жеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 шілдеде кешкі сағат 21.20-да қыздың денесін тауып, судан шығарған. Іздестіру жұмыстарына қосымша Түркістан облысы ТЖД 6 қызметкері, 11 аудандық полиция қызметкері, туыстарынан 5 адам жұмылдырылған",– деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, суға шомылу маусымы басталғаннан бері шымкенттік құтқарушылар 10 рет облыстағы судағы іздестіру жұмыстарына көмек көрсеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу