Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам 1995 жылы туған жас жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде 4 шілдеде Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінің аумағында көлікте ауызша жанжал кезінде бір ер адам екіншісіне 12 рет пышақ сұққаны туралы ақпарат пайда болды. Салдарынан 1995 жылы туған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.