120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгеруде

181

Жамбылда резервтегі әскери міндеттілер заманауи технологияларды игеріп жатыр.  

120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгеруде Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі Telegram

14157 әскери бөлім базасында бірегей оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандарынан 120 әскери міндетті тартылған.

– Бұл жиындардың ерекшелігі – резервтегілер тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымын және оларды басқару негіздерін де меңгереді. Бізде жеке құрамды қабылдауға толық дайындық жасалған, оқу алаңдары мен шатырлы лагерь жабдықталған, – деді 14157 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Әлімжін Қуантай.

Жиын барысында қатысушылар дәстүрлі әскери дайындықпен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару негіздерін де меңгереді.

– Біздің міндетіміз азаматтарды сапалы іріктеу, дұрыс ақпарат беріп, жиын өтетін орынға жеткізу болды. Шақырылғандардың арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Олардың барлығы шақыруды дұрыс дайындықпен қабылдады. – деді  Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру ресурстарын тағайындау бөлімінің бастығы полковник Алмас Чункунов.

Аталған оқу-жаттығу 14157 әскери бөлімі базасында ұйымдастырылған. Бөлім ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданғандықтан, оқу процесіне тәжірибелі нұсқаушылар тартылған.

Қатысушылар бір ай ішінде дрон құрылымы, оны басқару және далалық жағдайда қолдану дағдыларын игереді.

– Бұл бағыт маған өте қызық. Қазіргі уақытта елді заманауи технологиялардың көмегімен қорғап үйрену қажет. Оқуға дайынмын, сондықтан жиынға еш қарсылықсыз шын ықыласпен келдім, – деді Жуалы ауданынан келген әскери міндетті азамат Рауан Сапарбай.

Мамандардың айтуынша, бұл бағдарлама әскери даярлық жүйесін заманауи талаптарға бейімдеуге және резервтегі құрамның кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу