120 бизнес субъектісіне 15 млрд теңге қаржы бөлінді

544

Ақмола облысына тартылған инвестиция көлемі 23%-ға артты. 

120 бизнес субъектісіне 15 млрд теңге қаржы бөлінді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Ермек Маржықпаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақмола облысы тартылған инвестициялар сомасы бойынша еліміздегі алдыңғы сатыдағы үш өңірдің қатарында.

"Жыл басынан бері өңір экономикасына 300 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен жылдан 23%-ға жоғары. Сонымен қатар дағдарысқа қарсы шаралар аясында 20 мың ШОБ субъектісіне салықтық жеңілдіктер беріліп, несие бойынша төлемдері кейінге шегерілді", – деді облыс басшысы. 

Бұған қоса өңірде іскерлік белсенділікті арттыру үшін "Бизнестің жол картасы" және "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген.  Сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" аясында 120 бизнес субъектісі 15 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл өткен жылдан 3 есе жоғары. Аталған жобалар жүзеге асса, өңірде қосымша 1300 жұмыс орны ашылады. 
"Ал жалпы барлық мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде аймақта 21 мың адам еңбекпен қамтылса, оның 13 мыңы тұрақты жұмыс болып есептеледі", – деді Ермек Маржықпаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу