120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ медалімен марапатталды

932

Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті. 

120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ медалімен марапатталды

120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның "Бейбітшілік үшін қызмет" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті. Оған 600-ден аса адам қатысты, оның ішінде, 30 елдің елшісі мен әскери атташесі, "Шығыс" секторы бөлімшелерінің командирлері бар.

Рәсім жалауларды шығару және қатысушы елдердің мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Рәсімнің барлық қатысушылары алдында "Шығыс" секторының командирі генерал-майор Антонио Ромеро сөз сөйлеп, бітімгершілік миссияға қосқан үлестері мен адал қызметтері үшін бітімгершілерге алғысын білдірді. 120 қазақстандық әскери қызметшіні БҰҰ-ның "Бейбітшілік үшін қызмет" медалімен марапаттады.

"Бұл мен үшін және барша жеке құрам үшін зор құрмет. Біз жай ғана медальдар алған жоқпыз. Біз үшін бірінші кезекте бұл бітімгершілік қызметке қосқан үлесіміз үшін мемлекетімізге деген құрмет. Ливандағы бітімгершілік миссия мен үшін бірінші, оның үстіне, рота командирі лауазымында. Асқан жауапкершілікті жүктейді. Бірақ, біздің алдымызда бір ортақ мақсат тұр – Тәуелсіз Қазақстанның туы астында адал қызмет атқару", – деді майор Аян Нұрқасов.

Салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық бітімгершілік ротаның көркемөнерпаздар ұжымы ұйымдастырған концерт өтті.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық бітімгершілердің бірінші ротасы БҰҰ  бітімгершілік миссиясының мерзімі 2019 жылғы сәуірдің аяғында аяқталады. Олардың орнына қазіргі кезде дайындықтан өтіп жатқан екінші рота Ливанға аттанады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу