120 миллион көшет отырғызылады

491

Президент тапсырмасына сай 2025 жылға дейін еліміздегі ормандарда 2 миллиард жасыл желек егілуі тиіс.

120 миллион көшет отырғызылады

Абай облысындағы “Семей орманы" табиғи орман резерватында алдағы 5 жылда 120 миллионға жуық қылқан жапырақ пен ағаш отырғызылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қарағай көшеттерін егу маусымы басталды. "Семей орманы" табиғи орман резерватына қарайтын 700 мың гектар  аумақты алып жатқан алқаптың дені 25 жыл бұрын қалың өрт салдарынан жанып кеткен. Мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп жыл сайын өңірдегі бірегей саналатын қарағайлы орманды қалыпқа келтіру жалғасып жатыр. Президент тапсырмасына сай 2025 жылға дейін еліміздегі ормандарда 2 миллиард жасыл желек егілуі тиіс. Бүгінде "Семей Орманында" көшеттерді дайындайтын 8 заманауи тұқымбақ бар. Ондағы қор қызыл жалын шарпыған жерлерді толықтай қалыпқа келтіруге жеткілікті дейді мамандар.

"1997 жылы үлкен өрт болған кезде, көп жерлер жанып кеткен. Сол өртеніп бос қалған жерлерде қарағайды қалыпқа келтіру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Уақат өткен сайын бос жатқан алқаптың ауданы азайып келеді. Былтыр мысалға келтірсек, көктемде 251 гектар салынған болатын. Жұмыс көп. Әлі толық қалпына келтіру үшін 10-20 жыл керек",– дейді "Қызыл кардон" орманшылығының орманшысы, Нұржан Бақтыбеков. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу