"120 млн теңге салық төлемеген": Павлодарда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді

125

Тапқан табыстар декларацияда көрсетілмеген.  

"120 млн теңге салық төлемеген": Павлодарда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді Фото: canva.com

Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында табысты жүйелі түрде жасыру фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есепте мүлдем көрсетпеген, бұдан бюджетке елеулі шығын келіп отыр.

Атап айтқанда, құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Келісім туралы мәліметтер декларацияда көрсетілмеген. Нәтижесінде компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген болып шықты.

Осындай заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясы бойынша анықталды.

Павлодар облысы прокуратурасының қадағалау шаралары нәтижесінде 120 млн теңге бюджетке қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу