1200 гектар жер мемлекетке қайтарылды

154

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысындағы департаменті Алға ауданында алқаптардың пайдаланылуына жоспардан тыс тексеру жүргізіп шықты.  

1200 гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тексеру нәтижесінде егіс жұмыстарына арналған 1600 гектар учаскенің ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Департамент жерді игеру және анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқама бергенімен, нұсқама талаптары орындалмаған.

"Аудандық соттың шешімімен серіктестікке 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 1200 гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу