122 коллекторлық агенттік Ұлттық банкте есептік тіркеуден өтті

744

Ұлттық банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтінішін қарау қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде 2018 жылғы үшінші тоқсанда анықталған бұзушылықтар туралы жариялады.

122 коллекторлық агенттік Ұлттық банкте есептік тіркеуден өтті

2018 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 122 коллекторлық агенттік Ұлттық банкте есептік тіркеуден өтті, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты.

2018 жылғы үшінші тоқсанда өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 2 коллекторлық агенттікке - "Қайнар" коллекторлық агенттігі" ЖШС мен "КАВД" коллекторлық агенттігі" ЖШС-қа қатысты бұзушылықтар орын алды. 

Ал заңның 15-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік борышкермен коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша үй-жайларындағы аудио-немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл жасау барысын тіркеуге, аудио және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және оның өкілімен өзара іс-әрекет жасаған күннен бастап алты ай ішінде сақтауға міндетті.

КАВД" коллекторлық агенттігі" ЖШС берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру бойынша коллекторлық агенттіктің өкілеттігін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін борышкердің талап етуі бойынша ұсынбауы, сондай-ақ борышкердің атына берешек бойынша жалған ақпаратты жіберуі бөлігінде борышкермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бұзған.

Айта кетсек, Ұлттық  банктің  қоғамдық қабылдау  бөлмесінің  мобильді нұсқасы  болып табылатын "ҚҰБ "Online" мобильді қосымшасында (бұл қосымша AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде көшіріп алу үшін қолжетімді) 2018 жылғы қаңтардан бастап "Коллекторлық агенттіктердің қызметі" жаңа бөлім қосылған болатын. Аталған бөлімде пайдаланушылар коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасаған кезде өздерінің құқықтары туралы онлайн режимде түсіндірмелерді ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу