banner

122 талдықорғандық басқа өңірге барып жұмыс істейтін болды

770

Бос орындар жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Павлодар, Семей қалаларынан 60 жұмыс беруші келді. 

122 талдықорғандық басқа өңірге барып жұмыс істейтін болды

Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жетісулық жастарға еліміздің бес өңірінен жұмыс берушілер келіп, өз ұсыныстарын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты еңбек ресурстарын дұрыс пайдаланып, халықты өз еркімен қоныстандыру арқылы жұмыссыздықты азайту. Сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстырып, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту.

Бос орындар жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Павлодар, Семей қалаларынан 60 жұмыс беруші келді. Олар  1800 вакансия ұсынды. Шараға қалалар мен аудандардан келген жұмыссыз азаматтар,  пробация қызметінде есепте тұрған жастар қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша, 122 адам басқа өңірге баруға ниеттерін білдірді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу