№125 мектептің директоры жұмыстан уақытша ғана босатылды – Мұрат Әйтенов

659

Шымкент әкімі мектептегі парақорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты.

№125 мектептің директоры жұмыстан уақытша ғана босатылды – Мұрат Әйтенов

Шымкент қаласындағы №125 мектептің директоры мен мұғалімдерінің арасындағы даудың әзірге тоқтайтын түрі жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов әзірге қай тараптың сөзі шын екенін анықтау мүмкін емес деген ой айтты.

"Ол мектептің директоры қазіргі кезде жұмыстан босатылып отыр. Дегенмен, біз заңды мемлекетпіз. Оны қазір құқық қоғау органдары тексеріп, дәлелдегеннен бастап сотқа жібереді. Оның бәрі бір күндік мәселе емес. Ақпараттардың қаншалықты рас екенін тергеп жатыр. Тиісті мемлекеттік органдар жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші біз директорды уақытша босаттық. Тергеу бтікенге дейін тоқтай тұрамыз деген еді. Бірақ біз босаттық. Шымкентте коммуналдық қызметкерлер де мектепке ақша төлеп кіретіні туралы көп айтылып жатыр. Біз биыл бірінші рет НР-projekt деген жаңа цифрландырылған жүйені енгіздік. Жұмысқа қабылдау тәртібі онлайн режимде өтетіндіктен, ол жерден таныс арқылы өту мүмкіндігі жоқ. Осындай ашық алаңда тағайындауды бағыттап отырмыз", - деді әкім,

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу