125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді

193

Полиция жаңа жыл қарсаңында және мереке күндері өткізілген рейд нәтижесімен бөлісті. 

125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді Фото: vestart.ru

Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында 2024 жылғы 5 желтоқсан мен 2025 жылғы 3 қаңтар аралығында "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іс-шаралар барысында полицейлер өртке қарсы қызмет бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 мыңнан астам рейд жүргізді. 1 480 заң бұзушылық анықталды.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 125 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.

Отшашуды пайдалану кезінде жарақат алу фактілерін болдырмау мақсатында 4 мыңға жуық ақпараттық материал жарияланды.

– Нұсқаулықта жазылған пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздік шаралары сізге өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік береді, – деді ІІМ өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу