Қазақтан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Гүлшара Әбдіқалықова биыл 25 жылдығын атап өтетін "Болашақ" бағдарламасы жоғары білікті мамандар дайындау ісіне маңызды үлес қосып келе жатқанын, осы уақыт ішінде 13 мыңға жуық стипендия бөлініп, 10 мыңнан астам білікті кадрлар даярланғанын және олардың ел экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеп жүргенін атап өтті.
"Болашақ" бағдарламасы тиімділігін көрсетті. Ел экономикасының барлық секторлары үшін жоғары сыныпты мамандар дайындалды. Мәселен, бағдарламаның кардиохирургия саласының түлектері 32 мыңнан аса тегін ота жасады. Бір отаның орташа бағасы 300 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін жетеді.
Басқосуда білім және ғылым министрлігі Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімдеді.
Комиссия шешімімен магистратурада, докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 128 үміткерге стипендия тағайындалды.