"Астана су арнасы" мекемесінің мәліметінше, биыл 13 мамыр сағат 22:00-ден бастап 14 мамыр таңғы 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты елордадағы бірқатар ауданда су беру тоқтатылады.
Есіл ауданы:
Мәңгілік ел даңғылы, Nova city тұрғын үй кешенінің аумағы,
Заречный т.м, Тельман т.м, Пригородный т.м, BI Village/FamilyVillage, Қабанбай батыр даңғылы;
Алматы ауданы:
Мыңжылдық аллеясы аумағы, Оңтүстік-Шығыс т.м, оң жағы, Қалдаяқов – Тәуелсіздік – Панфилов – Аманжолов көшелері, Бауыржан Момышұлы көшесі, Абылай хан даңғылы, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Рақымжан Қошқарбаев, Мұқан Төлебаев, Кенен Әзірбаев көшелері, A-62, Жаңа теміржол вокзалының аумағы, Темірбек Жүргенов, Баянтау, А-98, Шәмші Қалдаяқов көшелері, Жұмекен Нәжімеденов, Ахмет Байтұрсынұлы, Дипломатиялық қалашық көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Иван Панфилов, Анатолий Храпатый көшелері, Сарайшық шағын ауданы.
"14 мамыр сағат 9:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу бойынша жұмыстарға байланысты қысым төмен болады. Елорданы сумен қамтамасыз ету үшін бұл жұмыстар жүргізілуі керек", – деп жазылған хабарламада.