13,5 млн теңгеге 200 маска сатып алған

647

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік мекеме бір данасы 68 мың теңге тұратын 200 маска сатып алды. Осылайша бюджеттің 13 млн 600 мыңы жұмсалған бетперделердің жарамдылығы 3 апта ғана екен, деп хабарлайды Atameken Business.

13,5 млн теңгеге 200 маска сатып алған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған лот желіге тарап кеткеннен кейін, жергілікті дәрігерлер ерекше масканы көрсетуге асықты. Айтуларынша, оның қорғаныс деңгейі өте жоғары, бетті толығымен жауып, көзді, ауыз қуысын, мұрынды аэрозольден қорғайды. Ауыстырылатын екі сүзгісі бар. Лотты жеңген GoldenStag мекемесі 68 мың оның ең төменгі бағасы деп көрсетіпті. Алайда желі қолданушылары сату.кз сайтында дәл сондай бетперделердің құны 25 мыңнан 50 мыңға дейін тұратынын дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу