Контрабандалық жолмен тауар өткізбек болғандар ұсталды

781

Контрабандалық тауардың жалпы құны 13 млн 500 мың теңгеден асады. 

Контрабандалық жолмен тауар өткізбек болғандар ұсталды

Қорғас бекетінде ірі контрабандалық тауар алып өтпек болғандар ұсталды. Олар 400 мың дана темекі мен 39 тонды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бұдан бөлек, түлкінің өңделген 77 терісі мен 13 құндыз орамал тәркіленіпті. Бұл туралы "Алтынкөл" кедендік бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов хабарлады.

Оның айтуынша, контрабандалық тауардың жалпы құны 13 млн 500 мың теңгеден асады. Ал, төленетін салық пен кедендік төлемдер болса 7 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тәркіленген тауар уақытша сақтау қоймасына қойылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу