13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

484

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Осы Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу