13 елден келген журналист Қазақстанды аралауда

1461

13 елден келген журналист Қазақстанды аралауда

Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан мәдениетінің жетістіктерімен танысу үшін Қазақстанға шетелдік журналистер келді. Сыртқы істер министрлігі және мәдениет пен спорт министрлігінің бірлесіп ұйымдастырған апталық баспасөз туры барысында журналистер Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістанға барып келді.

Турға мәдениет және өнер саласында маманданған Австралия, Австрия, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Канада, Мысыр, Сербия, АҚШ, Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Жапонияның жиырмадан астам тілшісі мен блогері қатысуда.

Астанада тілшілерге Ұлттық музей мен ЭКСПО-2017 қазақстандық павильонының экспозициялары ұсынылды. "Астана-Опера" театрында шетелдік тілшілер "Кармен" операсының премьерасын тамашалады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, баспасөз турының қатысушыларына Отырар көне шахары, Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелеріне, сондай-ақ Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына сапар ұйымдастырылды.

"Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасы шеңберінде өтіп жатқан бұл бірінші баспасөз туры туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыпуға атсалысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу