13 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы көтерілді

224

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 13 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды. 

13 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы көтерілді Фото: Inbusiness.kz

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,72 теңгеге көтеріліп, 479,38 теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай юанінің бағамы 67,35 теңгеге (+0,49) дейін өсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,7-480,9 теңгеге, еуро 529,5-534 теңгеге, ресей рублі 5,23-5,35 теңгеге сатылуда.

Ал 13 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,43%-ға өсіп, барреліне $72,28 құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 69,31 долларды құрады.

13 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,13 теңге, еуроны 525,85 теңге, рубльді 5,24 теңге деп бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу