13 майнинг ферманың жұмысы тоқтатылды – Энергетика министрлігі

1088

Энергетика министрлігі, құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері цифрлық майнинг объектілерін анықтау мақсатында бірлескен тексерулер жүргізді.

13 майнинг ферманың жұмысы тоқтатылды – Энергетика министрлігі

Мобильді топ жүргізілген тексерулер нәтижесінде кейінгі бес күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты.

"Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі: Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 МВт., Павлодар облысында - 22 МВт., Түркістан облысында - 3,28 МВт, Ақмола облысында - 1,03 МВт., Қостанай облысында - 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 МВт., Алматы қаласында - 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт. Сондай-ақ цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілген: Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында - 44 МВт", - деген ақпарат таратты министрлік.

Хабарламаға сенсек, майнинг фермаларын анықтау мен электр желілерінен ажырату жұмысы жалғаса береді, оларға қатысты уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізеді.

Бұған дейін энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов майнерлердің жасырынған жерін табу қиын болып тұрғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу