Тексеру барысында аудан бойынша 13 мектепте балаларды тасымалдау кезінде заңнама талаптары бұзылғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, бірқатар мектеп автобустарында қауіпсіздікке арналған сигналдық жүйелер мен дабыл батырмалары ажыратылған, жылдамдықты шектеу құрылғылары қолданылмаған. Сондай-ақ кейбір жүргізушілер медициналық тексеруден өтпеген, ал көлік құралдары міндетті техникалық талаптарға сәйкес келмеген.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, оқушылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Қадағалау органының мәліметінше, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы талаптардың сақталуын бақылау тұрақты назарда болады.