Бұл туралы РИА Новости ФСОҚ (федералды сот орындаушылары қызметі) дерекқорына сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атқарушылық іс жүргізу 27 маусымда басталды. Сот орындаушылары Ивлеевадан салықтар мен алымдарды, соның ішінде жалпы сомасы 11,3 миллион рубльге өсімпұлдарды өндіріп алмақ.
Бұрын Ивлееваның салықтар бойынша берешек сомасы 20,937 миллион рубль екендігі белгілі болеан еді. Ивлева ЖК шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы ФСҚ-ның (Федералды салық қызметі) шешімі Ресейдің үш ірі банкіне жіберілді.
Сонымен қатар, Ивлееваның шоттары 4 маусымда, салық берешегі 11,3 миллион рубль болған кезде бұғатталды.