13 наурыздағы саудада доллар қымбаттады

366

Бүгінгі доллар бағамы - 449,89 теңге. 

13 наурыздағы саудада доллар қымбаттады Фото: freepik

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге көтеріліп, 449,89 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы долларға 449,30 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,02 теңгені, сатылымы 451,71 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,49 теңгеден сатып алынып, 453,47 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу