13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

347

"Қазгидромет" синоптиктерінің хабарлауынша Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі.

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: inbusiness.kz
  • Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
  • Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамыз жоғары өрт қаупі бар.
  • Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамызда жоғары өрт қаупі бар.
  • Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 23-25 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. 23 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. 23 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
  • Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. 23 тамызда Павлодар облысында жоғары өрт қаупі бар.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу