13 проблемалы тұрғын үй кешенін аяқтау бойынша жәрмеңке өтеді

609

13 проблемалы тұрғын үй кешенін аяқтау бойынша жәрмеңке өтеді

26 шілдеде Астана әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп,  инвесторларға бағытталған құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Шараның мақсаты – елордада проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын соңына дейін аяқтау.

Жәрмеңкеде ұсынылған нысандардың ішінде құрылысы бітпеген 13 проблемалы тұрғын үй кешені бар. Атап айтар болсақ: "Пана" ТК, "Хан Тенгри" ТК, "Гранитный 1" және ЖК "Гранитный 2" ТК, "Хазрет" ТК, "Көктал-2" ТК, "Зере-1" ТК, "Араби 2" ТК, "Аниса 2" және "Аниса 3" ТК,"Үміт береке" ТК, "Территория комфорта-1" ТК, "Жайлау сити" және ЖК "Табысқұрылтай" ТК.

Жәрмеңкеге ҚР "Атамекен"КҰП және ҚРИДМ инвестициялар бойынша комитетінің өкілдері, еліміздің бизнес қауымдастығы, оның ішінде құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысады.

Жәрмеңкеге қатысуға құрылыс нысандарын дамытуға қаржы құятын әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушыларға нысандармен танысу үшін қажетті ақпарат жазылған төлқұжаты бар материалдар дайындалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу