13 жасар қазақстандық теннисші еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

494

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

13 жасар қазақстандық теннисші еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр.

Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты. Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу