13 жер телімі уақытша пайдалану үшін ұсынылды

1101

13 жер телімі уақытша пайдалану үшін ұсынылды

Қарағандыда аукционға қойылған 13 жер телімінің бесеуі 500 мың теңгеге жалға берілді, деп хабарлайды әкімнің сайты. 

"2-қараша күні жер аукционы өтті. Қазыбек би және Октябрь аудандарында орналасқан 13 жер телімі 5 жыл мерзімге уақытша пайдалану үшін ұсынылды. Солардың 5-і халық тұтынатын тауарларды сату үшін павильондар салуға берілді. Бес лот бойынша түскен жалпы сома 500 мың теңгені құрады", - деп хабарлады Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Бұл бес жер теліміде Октябрь ауданының 21 және 22-шағынаудандарында, Зелинский-Пирогов, Социалистическая-Мелитопольская көшелерінің қиылысы мен Металлистер көшесінде орналасқан. Әр жер телімінің көлемі - 0,0018 гектар. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, сауда барысында сату бағасы бастапқы бағадан 20 есеге артты. Жерді жалға алушылар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерте алмайды.

Дегенмен Федоров су қоймасындағы демалыс орындарына бағытталған жер телімдерін сатып алушылар табылмады. Олар келесі аукционда қайта саудаға қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу