13 жер телімін жалға беру бойынша аукцион өтті

1225

13 жер телімін жалға беру бойынша аукцион өтті

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету аясында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 13 жер телімін жалға беру бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды aktobegazeti.kz.
Осымен 9-шы рет өткен кезекті аукцион Ақтөбе қаласы және оның маңындағы жерлерге қатысты болды. Аукцион арқылы жалға берілетін жер телімдерінің тізіміне көп қабатты тұрғын үйлер, демалыс базаларын, монша кешенін, автогаз құю стансаларын, балабақша, таунхаус, өндірістік базалар, спорт кешендерін, сауда және медициналық орталықтар орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Айта кету керек, жер учаскелері 3 жылға жалға беріледі. Аукционға қатысуға 55 өтінім келіп түскен.

"Бүгін біз  аукционға 13 жер телімін қойып отырмыз. Оның жалпы аумағы — 5,7 гектар. Оның құны — 5,6 миллион теңге. Жер учаскелері жалға беріледі", — дейді Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

Аукцион барысында әр жер телімі туралы мәлімет беріліп, бастапқы бағасы айтылып отырды. Ағылшындық әдіс бойынша жүргізілген аукционға қатысушылар аз болған жоқ. Жер телімдеріне анау айтқандай бәсекелестік байқалмаса да, әрқайсысына 2-3 үміткерден таласты.

Аукцион барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар да туындап жатты. Мәселен, кепіл төлем жайлы сұрағандар кездесті.

Аукцион қорытындысы бойынша жалпы көлемі 5,7 гектар құрайтын барлық 13 жер учаскелері 41,2 млн теңгеге сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу