13 жыл бұрын жоғалған қырғызстандық әйел бауырларымен қауышты

477

Атыраулық полицейлер 13 жыл бұрын жоғалған қырғызстандық әйелді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 жыл бұрын жоғалған қырғызстандық әйел бауырларымен қауышты

2011 жылы Қырғызстан Республикасының ағайынды екі азаматшасы Атырау қаласына киім-кешек сатып саудамен айналысуға келген. Сол жылы нақты мерзім аяқталған соң азаматшаның әпкесі еліне кері оралмақ болып, ал сіңілісі осы қалада қалуға шешім қабылдайды. Екі бауырдың арасы сол жылы ажырап, 2013 жылы соңғы телефон қоңыраудан кейін сіңлісімен байланыс 13 жылға үзіледі. Аталған жағдай бойынша Атырау облысы Полиция департаменті бастығымен құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматшаны іздестіру жұмыстарына кіріседі. Белгілі болғандай, азаматша өз жақындарымен ренжісіп, осылайша ажырауға бел буған.

Тіпті туыстары араға біраз жыл салып азаматшаны өз бетімен іздеп келгенімен, еш нәтиже шықпағанын да жеткізді.

Бауырлар ұзақ жылдардан кейінгі табысу кезінде қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

Еске салар болсақ, Атырау облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстарды ашып, күдіктілерді анықтаудан бөлек жоғалған адамдарды да табу үшін жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу