13 жылда Орта Азияға құйылған тікелей инвестиция 378 млрд долларды құрады

708

Оның 77%-ы Қазақстанға тиесілі. 

13 жылда Орта Азияға құйылған тікелей инвестиция 378 млрд долларды құрады

Орта Азияға инвестицияға инвестиция салатын негізгі мемлекеттер – Еуропалық одақ елдері. ЕО-дан құйылған тікелей инвестиция жалпы қайтарымсыз қаржының 40%-ын құрады, деп хабарлады energyprom.kz. 

Жалпы 2007– 2019 жылдар аралығында Орта Азияға 378,2 млрд доллар қаржы тартылған. Оның басым бөлігі мұнай-газ, мұнай-газ-көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген. 

2007–2019 жылдар аралығында Орта Азияға құйылған тікелей инвестицияның
77,7%-ы Қазақстанға тиесілі. Бұл ретте еліміз өңірдегі ең үлкен мемлекеттердің бірі екені белгілі. 

Орта Азия елдеріне Қытайдың ықпалы артып келе жатқанына қарамастан Еуропалық одақ мемлекеттерінен тартылған қаржы 3,5 есе жоғары.  Инвестициядан бөлек Еуропалық одақ пен АҚШ түрлі экологиялық жобалар мен қоғамдық-саяси институттар мен азаматтық қоғамның дамуына қомақты гранттар бөліп отыр. Бұған қоса одақ Орта Азия үшін заң үстемдігі, білім, қоршаған орта мен су ресурстары бағытында 2007 жылы арнайы стратегия қабылдады. Бұл құжат 2019 жылы жаңартылды. 2014-2020 жылдары Еуропалық одақ өңірдегі осындай жобаларға бөлген қаржы 1 млрд евроны құрады. 

Орта Азиядағы ЕО-ның арнайы өкілі Питер Бурианның сөзінше, қаржылық ресурстар әлемдік дағдарыстан кейінгі кезеңде бөлінген. 

"Қаржылық ресурстар ЕО әлемдік қаржылық дағдарыс нәтижелерімен бетпе-бет келген тұста қарастырылған.  Бұл Еуропалық одақтың Орта Азияда тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы қажырлы еңбек етіп келе жатқанын айғақтайды", - дейді ол. 

Сонымен қатар өңірге АҚШ та қомақты қаржы құюда. Аталған ел оның басым бөлігін демократиялық реформалар мен экономикалық дамуға және гуманитарлық көмек түрінде бөлген. 
 
Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу