"130-дан астам лифтіні ауыстырамыз"

686

Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдау өткізді.

"130-дан астам лифтіні ауыстырамыз"

Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігінде карантин басталғаннан бері тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды. Азаматтар көтерген мәселелердің орындалу барысын қарау және бақылау үшін электронды карталар жүйесі құрылды.

"Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша қасбетті нығайту, шатырды ауыстыру, кіреберістерді жөндеу және т.б. жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеп, 130-дан астам лифтті ауыстырамыз. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартады", – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында.

Сонымен бірге апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тізімде салынғанына 90 жыл болған үй де бар.

"Көтерілген мәселелер бақылауда", – деді Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу